ҰҚК: Қазақстан өңірлерінде лаңкестікке қарсы операциялар әлі жүргізіліп жатыр

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Еліміздің бірқатар өңірінде террористік қауіп-қатер деңгейі белгіленді, деп хабарлайды Zakon.kz

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық және қалалық жедел штабтар басшыларының шешімімен 2022 жылғы 13 қаңтардан бастап еліміздің келесі өңірлерінде террористік қауіптіліктің орташа («сары») деңгейі белгіленді:

2022 жылғы 14 қаңтардан бастап Батыс Қазақстан облысында террористік қауіптіліктің орташа «сары» деңгейі 14 тәулікке енгізілді.

Террористік қауіптіліктің жоғары «қызғылт сары» деңгейі ү.ж. 13 қаңтардан бастап Нұр-Сұлтан қаласында және 14 қаңтардан бастап Шымкент қаласында 14 тәулік мерзімге енгізілді.

Аса жоғары «қызыл» деңгей Жамбыл, Алматы облыстарында және Алматы қаласында сақталуда. Аталған өңірлерде терроризмге қарсы операция жалғасуда.

Құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарап, олардың заңды талаптарына бағынуды сұраймыз.

Қазақстан
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі