Фархат Шариповтің "Схема" фильмі Берлинде бақ сынайды

Сурет: Мәдениет және спорт министрлігі
Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысымен түсірілген "Схема" көркем фильмі Германияда өтетін Халықаралық Берлин кинофестивалінің Generation конкурстық бағдарламасына ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл туралы фильмнің креатив продюсері Юлия Ким өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Generation – Берлин кинофестивалінің балалар мен жасөспірімдер тақырыбында түсірілген фильмдерге арналған конкурстық бағдарламасы. Бүгінде қазақстандық фильмнен басқа бұл байқауда Жапония, Германия, Ресей, АҚШ, Чили және Румыния елдері түсірген фильмдер де бар. Кинофестиваль 10-20 ақпан аралығында өтеді. 72-Халықаралық Берлин кинофестивалінің жеңімпаздарын 16 ақпанда жариялайды.

"Схема" фильмінің желісі кастингке келген жасөспірімдердің жеке оқиғаларына негізделген. Режиссеры – Фархат Шарипов. Түсіру жұмысы негізінен Алматыда өтті. Басты рольде Виктория Романова және Таир Свинцов есімді жас актерлар ойнады. Бұл олардың алғашқы рөлі екенін айта кеткен жөн. Фильмнің қоюшы операторы – Александр Плотников, ал қоюшы суретшісі – Алексей Шиндин. Кинокартинаның продюсері – Дина Жұмабек.

"Схема" фильмін Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысымен Ұлттық киноны қолдау орталығы және Medeor компаниясы түсірген.

Германия
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр