Мас жүргізуші 15 тәулікке қамалып, 8 жыл көлік жүргізу құқығынан айрылды

Сурет: Zakon.kz
Ескелді ауданының жол сақшылары 10 қаңтар түнде автопатрульдеу кезінде аудан орталығының көшесінде жүрісі күмән тудырған «Мазда-626» маркалы көлігін тоқтатып, жүргізушінің ішімдік ішкенін анықтаған, деп хабарлайды Zakon.kz

Медициналық куәландыру полицейлердің болжамын растады.

Аталған дерек бойынша «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің 608-бабына сәйкес хаттама толтырылып, сот шешімімен 1979 жылы туған тұрғын 15 тәулікке қамаққа алынды. Енді бұл жүргізушінің 7 жыл көлік тізгіндеуге құқығы да жоқ. Өзінің де, өзгенің де өміріне қауіп төндіретін мас жүргізушілерге бұл әділ жаза деп ойлаймын. Ескелді АПБ бастығы полиция подполковнигі Қайрат Баймұханов

Ауданның бас полицейінің ақпаратына сәйкес, 10 қаңтар күні патрульдік полицейлер Шымыр ауылында тағы бір күмәнді жүргізушіні ұстаған. Алайда жүргізуші медициналық сараптамадан өту тәртібінен бас тартқан. Сот органдарының қарауына ұсынылған іс материалдары бойынша тиісті сот шешімі шығып, жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған және 8 жылға көлік тізгіндеу құқығынан айырылған.

Мас күйде көлік тізгіндеу – өте қауіпті әрекет екенін және ол қолданыстағы заңға сәйкес қатаң жазаланатынын ескерткім келеді. 2021 жылы 25 жүргізуші мас күйінде ұсталып, жүргізу құқығынан айырылса, биыл да заңды өрескел бұзған тұрғындар бар. Барлық жүргізушілерді жол жүру ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырамын. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді