Градскийдің жесірін тонады деген күдіктілердің бірі Қазақстанға қашқан

Сурет: Instagram/aborgradsky
Тергеу мәліметтері бойынша, барлығы үш қаскөй болған. Олардың бірі оқиға орын алғаннан кейінгі келесі күні Toyota автокөлігін сатып алып, Ресейден Қазақстанға кетіп үлгерген, деп хабарлайды Zakon.kz

Ресейлік әнші Александр Градскийдің жесірін тонаған күдіктілердің бірі Қазақстанға қашып кеткен, деп хабарлайды РЕН-ТВ .

Телеарнаның мәліметінше, ол Toyota автокөлігін сатып алып, Ресей аумағынан кетіп үлгерген.

Тағы бір күдікті полиция бөлімінен босатылды. Тәжікстан азаматының нақты алибиі болып шықты. Оның смартфоны қылмыс кезінде оқиға орнына жақын болғанымен, алайда күдікті телефонын туысына бергені дәлелденді.

Ер адам қолхатпен босатылды.

Градскийдің жесірі Марина Коташенконың тоналғаны туралы 17 қаңтарға қараған түні белгілі болды.

Қаскүнемдер көлігімен орталық айналма жолмен келе жатқан әйелге қатысты жол-көлік оқиғасын ұйымдастырады. Коташенко тоқтағанда ер адамдар оның көлігіне отырып, тамағына пышақ тақап, коттеджіне оралуға мәжбүр етеді.

Үйден үлкен соманы – 100 миллион рубльді қолды қылады. Осыдан кейін Градскийдің жесірімен бірге көлікке отырып, өздерін Апрелевкиге дейін апаруға мәжбүр етеді, ал одан кейін Mercedes көлігіне мініп, Мәскеуге қарай тартып тұрған.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Президенттің Жарлығы жарияланды – Қазақстан Халық Кеңесіне еліміздің 126 азаматы кірді