Тінту кезінде олардан жалпы салмағы 1,5 келіден асатын синтетикалық есірткі тәркіленді.
Сурет: ШҚО полиция департаменті
Алдын ала бағалау бойынша «қара нарықта» тәркіленген есірткінің құны шамамен 30 миллион теңге болады.
Сонымен қатар, олар жалға алған пәтерлерде олардың қылмыстық әрекетін растайтын басқа да дәлелдер, соның ішінде есірткіні өлшеп-орауға және өлшеуге арналған заттар табылды.ШҚО ПД баспасөз қызметі
Сурет: ШҚО ПД баспасөз қызметі
Тергеу мәліметтері бойынша, есірткі Ресей Федерациясынан біздің елге әртүрлі логистикалық көлік компаниялары арқылы жіберіліп отырған.
Күдіктілердің әрекеттері ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау аса ірі мөлшерде) бойынша сараланады, оның санкциясы 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар өзге де адамдар анықталуда.ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов
Сурет: ШҚО ПД баспасөз қызметі