Криштиану Роналду рекорд жасады: футболистің Instagram-дағы жазылушылары 400 млн

Футболистке дейін мұндай көрсеткішке ешкім қол жеткізбеген еді, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл — бүкіл жер тұрғындарының арасындағы рекордтық көрсеткіш. Айта кетейік, бұған дейін де Криштиану Роналду 300 миллион жазылушыға бірінші болып жеткен еді.

Instagram-дағы жазылушылары көп адамдар арасында Криштианудан кейін модель Кайли Дженнер (308 миллион) мен Лионель Месси (306 миллион) тұр.

Роналду «Манчестер Юнайтедте» 2021 жылдың тамызынан бері ойнайды. Роналду осы маусымда Премьер-лигада 18 ойынға қатысып, сегіз гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Оның үстіне ол Чемпиондар лигасындағы алты голды салған.

АҚШ
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: