Жауын, тұман, көктайғақ. 26 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Сурет: pixabay
Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен Қазақстан территориясының басым бөлігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын жауады, деп хабарлайды Zakon.kz.

 «Қазгидромет» синоптиктерінің хабарлауынша, сонымен қатар еліміздің біраз аймағында көктайғақ болып, жел күшейеді.

Оңтүстік-батыста шаңды дауылмен бірге жел болады. Тек еліміздің оңтүстігі мен қиыр солтүстігінде антициклон ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Қазақстан бойынша кей жерлерді тұман басады.

Ақтөбе облысының орталығы мен батысында желдің екпіні секундына 15-20 м/с күшейеді. Түнде орталығы мен шығысында тұман, көктайғақ болады.

Маңғыстау облысының шығысы мен оңтүстігінде желдің екпіні секундына 15-20 м/с күшейіп, күндіз шығысында шаңды дауыл болуы мүмкін. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, түнде оңтүстік-шығысында көктайғақ болады.

Атырау облысының оңтүстік-батысы мен орталағанда желдің екпіні секундына 15-20 м/с күшеюі мүмкін.

Ақмола облысының солүстік-батысы мен шығысында, Қостанай, Қызылорда облыстарының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде,  Павлодар облысының батысында, түнде және таңертең Жамбыл облысының солтүстігі мен таулы аудандарында, түнде Шығыс Қазақстан оңтүстігінде тұман болады.                                                               

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды