Екібастұзда жаяу жүргіншілер өткелінде екі баланы көлік қағып кетті

Сурет: Zakon.kz
Наурыздың 1-і күні таңертең жасөспірім мен бес жасар баланы жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кетті. Салдарынан екі бала жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол-көлік оқиғасы Екібастұз қаласында сағат 07:45-те М. Жүсіп пен Торайғыров көшелерінің қиылысында болды.

33 жастағы Hyundai Accent жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, жаяу жүргіншілер өткелінде жолдан өтіп бара жатқан 2007 және 2017 жылы туған балаларды қағып кеткен. Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Полицейлер көлік арнайы айып тұрағына қойылғанын мәлімдеді. Қазір оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз