«Қазгидромет» бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады

3 наурызда еліміздің басым бөлігінде тұман болып, кей аймақта жауын-шашын түседі. Осыған орай синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2-4 наурыз аралығында қатты аралас жауын-шашынның болжануына байланысты Алматы облысының таулы аудандарында беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі болуы мүмкін.

3 наурызда Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында және Қарағанды қаласының өзінде тұман болады.

Нұр-Сұлтанды түнде және таңертең тұман басады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында көктайғақ, солтүстігінде тұман болады. Орал қаласында 3 наурыз түнде және таңертең тұман.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында тұман болады.

Қостанай облысының оңтүстігін, солтүстігін тұман басады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман болады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман болады. Қызылорда қаласында 3 наурызда кей уақытта тұман болады.

Атырау облысының солтүстігінде, батысында және орталығында тұман. Күндіз батыста және орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, желдің екпіні секундына 15-20 метр. Атырау қаласында түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз жел екпіні секундына 15-18 метр.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында жел екпіні секундына 15-20 метр болады. Ақтау қаласында күндіз шаңды дауыл болуы мүмкін.

Алматы Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: