Мексикадағы зауытта апат болып, күкірт қышқылы ауаға тарап кетті

Мексикадағы Торреон қаласында металлургиялық зауытта ақау болып, қалаға күкірт триоксиді бөлінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

El Sol de la Laguna газетінің хабарлауынша, оқиға 10:20-да (Нұр-Сұлтан уақытымен 22:20) болған. Әлеуметтік желілерде зауыт үстінде көп мөлшердегі бу көтерілген фотолар жариялана бастады.

Зауытқа иелік ететін Industrias Peñoles компаниясының өкілдері зауыттың күкірт қышқылын алатын құбырда апат болғанын хабарлады. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Қауіпсіздік хаттамасына сай зауыттың жұмысы тоқтатылды. Мамандар жағдайды бақылауға алды. Оқиғаға қатысты тергеу басталды.Industrias Penoles

Айта кетейік, күкірт қышқылы улы зат болып саналады. Ол шырышты қабықтарға және тыныс алу жолдарына әсер етеді. Органикалық қосылыстарды бұзады.

Ал күкірт қышқылын өндіруге арналған шикізат ангидрид деп аталады. Ол тыныс алу мүшелеріне және шырышты қабаттарға түскенде оларды тітіркендіреді, тыныс алу органдарының ауруларын туғызады. Оның ұзақ ингаляциясы (30-дан 60 минутқа дейін) денсаулыққа үлкен қауіп төндіруі мүмкін.

АҚШ
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: