Талдықорған маңындағы жантүршігерлік жол апаты: үш адам қаза тауып, алтауы жарақат алды

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, автомобиль полиции, полицейская машина, патрульная машина, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2026 09:07 Фото: pexels
Жетісу облысының Алакөл ауданындағы Алматы – Өскемен автожолының 474-шақырымында үш көлік қатысқан ауыр жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан үш адам оқиға орнында қаза тауып, тағы алты адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнынан түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желілерде кеңінен тарады. Видеода жол жиегінде қатты зақымданған кроссовер мен апат орнында жұмыс істеп жатқан полиция қызметкерлері көрінеді.

Жетісу облысы Полиция департаментінің мәліметінше, адам өліміне әкелген жол апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Алдын ала мәлімет бойынша, Kia Sportage көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен. Соның салдарынан ол Toyota Highlander көлігімен соқтығысқан. Артынша сол бағытта келе жатқан Lexus GS300 автокөлігімен де соқтығыс болған. Жол апаты салдарынан Kia Sportage көлігінің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы алты адам түрлі жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілді",- делінген ведомство ақпаратында.

Оқиға орнында құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмысын жалғастырып жатыр. Апаттың нақты себептері мен барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Жетісу облысы Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, белгіленген жылдамдықты асырмауға, қауіпті маневрлер жасамауға және қарсы қозғалыс жолағына шықпауға шақырды.

"Тәуекелге толы бірнеше секунд адам өмірін жалмауы мүмкін. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар", – деп үндеу жасады ведомство.

Бұған дейін Алматыда Mercedes-Benz G-Class пен Suzuki SX4 автокөліктері соқтығысып, екі адам қаза тапқан болатын. Кейіннен белгілі болғандай, тағы екі нәзік жанды ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: