Жаңбыр мен жел: бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

 «Қазгидромет» синоптиктері бірнеше өңірде дауылды ескерту жасады. Болжам бойынша, еліміздің басым бөлігінде 5-6 наурыз күндері жауын болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

5 наурызда Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде күндіз екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қаласының оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады күндіз екпіні 15 м/с.

6 наурызда Павлодар облысында жауын шашын (көбінесе жаңбыр түрінде). 6 наурызда солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі, облыстың оңтүстігінде, батысында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. Күндіз 6 наурызда ауа температурасы 2-7 градус жылыға дейін жоғарылауы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда облыстың орталығында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында 30 м/с және одан аса күтіледі.

7 наурызда жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, облыстың батысында, солтүстік-шығысында 30 м/с және одан аса күтіледі. Күндіз 5-6 наурызда ауа температурасы 0-5 градус жылыдан 2-7 градус жылыға дейін жоғарылауы күтіледі.

Нұр-Сұлтанда 5 наурызда кей уақытта тұман күтіледі. Оңтүстік батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысының батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады 15-20 м/с, облыстың батыста, шығыста және орталығында екпіні 23-28 м/с. Атырауда 5 наурыз батыстан жел соғады, 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с.

5 - 7 наурыз аралығында Түркістан және Жамбыл облыстарында, оң мәнді ауа температурасы мен қатты жауын-шашын болжамдарына сәйкес қарқынды қар еру, баурайлық ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

5 наурызда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Қарағандыда түнде және тәңертең 5 наурызда тұман, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа жел ауысады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі. Жезқазған қ.: 05 наурызда оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа жел ауысады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі.

5 наурызда түнде Қызылорда облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың орталығында күші 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Қызылордада 5 наурызда жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

5 наурызда Батыс Қазақстан облысының шығысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оралда 5 наурыз көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік, орталық бөлігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Түнде облыстың орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Өскеменде 5 наурызда жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с соғады. Семейде 5 наурызда жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с соғады.

Павлодар облысының батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында тұман күтіледі.

Қостанай облысының батысында және орталығында көктайғақ, тұман күтіледі. Облыстың шығысында мен оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Қостанайда күндіз 5 наурызда жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында көктайғақ болады. Күндіз облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде 25 м/с күтіледі. Ақтобеде 5 наурызда күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: