Ақтөбедегі жол апатынан 6 автокөлік зақымданды

Сурет: Zakon.kz
Ақтөбеде түнде жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан алты автокөлік зақымданды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
9 наурызда сағат 00:55 шамасында Ә.Молдағұлова мен Әбілқайыр хан даңғылының қиылысында Toyota көлігінің жүргізушісі KIA көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан жолдың бір жолағында тұрған алты көлікке зақым келген.Ақтөбе облысының Полиция департаменті

Жол-көлік апатынан жарақаттары бар төрт адам жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Медициналық көмек берілген соң олар үйіне шығарылды.

Полиция 2020 жылы бұл жүргізушінің мас күйінде көлік жүргізгені үшін жеті жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылғанын анықтады.

ҚР бабы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр. Заң бойынша жүргізуші көлік құралын басқарғаны үшін 4 жылдан 6 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру қаупі төніп отыр.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз