8 наурыз күні бәзбіреу Орал кафесінде екі әйелді соққыға жыққан

Сурет: pixabay
Оралда 8 наурыз күні «Андеграунд» дәмханасында ер адам екі әйелді соққыға жыққан. Екі әйел ауруханаға жатқызылды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
8 наурыз күні сағат 05:00-де Абай даңғылы бойындағы «Андеграунд» дәмханасында ер адам бұзақылық ниетпен 1989 жылы туған азаматша С-ға және 1990 жылы туған Т-ға дене жарақатын салған.Орал қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Әйелдер ауруханаға жеткізілді. Полицейлер 2000 жылы туған Қ есімді азаматты тауып, ұстады.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, 2-бөлігімен («Бұзақылық») сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр.

Қазақстан
Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз