Нұр-Сұлтан қаласындағы «Абу-Даби Плазадан» өрт шықты

Сурет: Zakon.kz
Нұр-Сұлтанда «Абу-Даби Плаза» ғимаратының бірінші қабатындағы желдеткіш камерадан өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордалық төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәлімет бойынша, өрт сөндіру бөліміне 10 наурыз күні сағат 14:57-де Сығанақ көшесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері жіберіліп, олар «Абу-Даби Плаза» ғимаратының бірінші қабатындағы желдеткіш камераның өртеніп жатқанын анықтады.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірушілер барғанға дейін қызметкерлер мен келушілер өз бетімен эвакуацияланды. Өрт 15:24-те сөндірілді. Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Оқиға орнында Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің 16 техникасы мен мен жеке құрамның 61 адамы жұмыс істеп жатыр.

Қазақстан
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін