Экскаватордың Каспий теңізіне құлаған сәті видеоға түсіп қалған

Сурет: видеодан алынды/Lada.kz
Әлеуметтік желіде жұмысы барысында экскаватордың Каспий теңізіне құлап кеткені түскен видео жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Платформада жұмыс істеп жатқан экскаватор теңізге салған шөмішін көтеру кезінде алға қарай қисайып, құлап кетті, деп хабарлайды Lada.kz.

Оқыс оқиға 12 наурызда түстен кейін Баутино теңіз портында (Маңғыстау облысы) орын алды. Жүргізуші зардап шеккен жоқ.

Порттағылардың айтуынша, "Амфибия" жүзгіш экскаваторы жеке компания территориясында бір бүйіріне қарай құлады.

Қазіргі уақытта экскаваторды судан алып шығу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Видеода қолайсыз ауа райы кезінде жұмыс жүргізіліп жатқаны көрінеді. Облыстық ТЖД дауылға байланысты ескерту жасады.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін