Төтеншеліктер қар көшкіні жүру қаупіне байланысты алматылықтарға ескерту жасады

Сурет: Zakon.kz
Алматы тауларындағы қардың қалыңдығы 60 см-ден асады, Қазселденқорғау мекемесі гидробекеттерінің мәліметтері бойынша,Үлкен Алматы өзеніндегі қардың қалыңдығы 96 см құрайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жылымық кезде жауын-шашынның мол түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыздығы мен қалың болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында 24 наурызға дейін қар көшкіні қаупі сақталады, деп хабарлайды Алматы қалалық ТЖД.

Үлкен Алматы өзені бассейні экологиялық бекеті мен "Медеу" мұз айдыны бекетінде автокөліктерді өткізбейді. ТЖД қызметкерлері тауға шыққан азаматтарды ақпараттандыру бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізеді. Алматы қалалық ТЖД

Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына тауға барудан бас тарту ұсынылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден көктайғақ кезінде жолдарда абай болу, ал жүргізушілерге көліктерін ағаштардың, электр желілерінің және басқа да ілулі құрылымдардың астында қалдырмауға кеңес беріледі.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз