ШҚО-да полицейлер тіркелмеген 93 қаруды тәркіледі

Сурет: СҚО ІІД баспасөз қызметі
Шығыс Қазақстан облысының аумағында осы жылдың 3 ақпанынан бастап «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы аясында тіркелмеген 93 бірлік қару мен мыңға жуық оқ-дәрі тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, бұдан бөлек, сақшылар 304 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтаған.

Соның ішінде:

23 наурыз күні полицейлер үйінде бірнеше оқ-дәрі сақтаған 34 жастағы қала тұрғынын ұстады. Бұдан басқа, қала тұрғындарынан түскен ақпараттарды тексеру барысында заңсыз оқ-дәрілерді сақтағаны үшін тәртіп сақшылары 53 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады, тексеру кезінде 16 калибрлі 20 оқ-дәрі, 20 калибрлі 1 оқ-дәрі және қолдан жасалған қорғасын оқтары, ұнтақ табылып, тәркіленді.

Сурет: ШҚО ПД баспасөз қызметі

Полицейлер барлық тәркіленген заттарға тиісті сараптамалар тағайындалғанын атап өтті.

Аталған тұлғалар ҚР ӘҚБтК 482-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ішкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау, қару тәркілене отырып, жеке тұлғаларға жиырма есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Е. Закимов
Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды