ШҚО-да бір күнде екі көлікті айдап әкетіп, жол апатын жасаған ер адам ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен бұрын сотталған Шығыс Қазақстан облысының 28 жастағы тұрғынын қолға түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, наурыз айының басында Ұлан ауданы полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, үйінің ауласында тұрақта тұрған «Toyota» маркалы автокөлігінің ұрланғанын хабарлаған.

Сол күні Ұлан ауданы Бозанбай ауылының тұрғынынан осы мазмұндас арыз түсіпті. Белгісіз біреу оның да «Chevrolet» көлігін айдап кеткен.

Хабарлама түсісімен полиция қызметкерлері дереу күдіктіні іздеуге кірісті. Осылайша, жарияланған «Тосқауыл» жоспары, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің жедел әрекеті нәтижесінде екі автомобиль де табылды.ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі

Анықталғандай, күдікті көліктің бірін аударып, «Өскемен-Самар» тас жолында тастап кетсе, ал екіншісі Бозанбай ауылының аумағынан бұзылған күйде табылған.

Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігі – «Айдап әкету» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі
Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы