Құлаған ағаштар: Қазақстандағы қолайсыз ауа-райының салдары

Сурет: Zakon.kz
29 наурызда Қазақстанның кей өңірлерінің тұрғындары «ауа райының жаманы жоқ» деп айта алмайтын сияқты. Себебі ауа райы құбылып, түрлі тосынсый болып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бір күн бұрын «Қазгидромет» РМК Қазақстанның бірнеше облысында 29 наурызда дауылды ескерту жарияланғанын хабарлады.

Алматыда сағат шамамен 16.00-де қатты жел тұрып, жаңбыр жауа бастады. Мегаполис тұрғындары әлеуметтік желіде фотолар мен видеоларды белсенді түрде бөлісе бастады.

Сонымен қатар дауыл Алматы-Талдықорған тас жолының бойындағы ағаштарды да құлатқан.

Желдің қатты екпінінен Талғардағы көпқабатты үйдің қаптамасы жұлынып қалды.

Алдын ала мәлімет бойынша, видео Жаңа шағын ауданында түсірілген. Кейінгі мәліметтерге сүйенсек, екпінді жел жиырма минутта басылған. Артынша жаңбыр жауа бастады, - деп жазылған видеода.

Талдықорғандағы табиғи апаттың салдары туралы тағы бірнеше бейнеролик жарияланды.

Азаматтар, сақ болыңыздар! Шатырлар құлап жатыр. Үзілген сымдардан абайлаңыз, - деп жазылған әлеуметтік желідегі хабарламада.

Бүгін Атырауда да қатты жел соқты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді