Бангладеште Қазақстан азаматын өлтіріп кетті

Сурет: unsplash
Бангладештегі тұрмыстық жанжал кезінде қазақстандық азамат қаза тапты. Қазақстанның тағы бір азаматы ауыр жарақат алып, ауруханада жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
26 наурызда Үндістандағы ҚР елшілігінің консулдық бөліміне Бангладеш аумағында бір компания қызметкерлері арасында тұрмыстық жанжал туындап, салдарынан Қазақстан азаматы қаза тапқаны туралы хабарлама келіп түсті. Марқұм пышақ жарақатынан көз жұмған.ҚР СІМ баспасөз қызметі

Ведомствоның хабарлауынша, елшіліктің консулдық бөлімі аталған оқиғаға қатысты толық ақпаратты анықтау және мәйітті Қазақстанға жеткізуге көмектесу үшін компания өкілдерімен және марқұмның туыстарымен үнемі байланыс ұстап отыр.

Оқыс оқиға салдарынан тағы бір қазақстандық пышақтан зардап шеккен. Қазіргі уақытта ол Дакка қаласындағы ауруханалардың бірінде ем алып жатыр. ҚР СІМ баспасөз қызметі

Министрліктің мәліметінше, қазақстандықтар Бангладешке Руппур қаласында атом электр станциясын салумен айналысатын ресейлік компанияда жұмыс істеу үшін келген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді

Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды

Мәжіліс депутаттары су басқан өңірлерге барып, көмек көрсетуде