Түркістанда атақты брендтердің алкогольдік өнімдерін қолдан әзірлегендер ұсталды

Сурет: pexels
Түркістанда контрафактілік алкоголь өнімдері дайындалып келген цех анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Түркістан облысының Түлкібас ауданы Т.Рысқулов ауылында бірнеше мекен жайларда заңсыз арақ өнімдері шығарылып келген 2 цех жойылды. ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Қаржылық мониторинг агенттігі таратқан ақапарат бойынша, тінту кезінде 3 453 дана жасанды есепке алу-бақылау маркалары, құрамында спирті бар 410 литр сұйықтық, атақты брендтердің 1381 бөтелке арағы, 1 552 дана бос бөтелке дайындамалар, 113 дана атақты брендмаркалы заттаңбалар, танымал бренд қаптамалар материалдары мен өндірістік жабдықтар тәркіленді.

Қазір аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео