Такси жүргізушісіне пышақ сұққан үш жігіт ұсталды

Екі апта бұрын Түрксіб ауданында үш адам такси жүргізушісін пышақтаған еді. Бүгінде күдіктілер анықталды. Олар барынша жасырынуға тырысқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үш ер адам бизнес-кластағы таксиге тапсырыс беріп, жүргізушіден оларды әуежайға жеткізіп тастауын сұраған. Алайда жолда жолаушылар такси жүргізушісіне шабуыл жасап, оған бірнеше пышақ жарақатын салған.

Шабуылдың нәтижесінде қаскөйлер Toyota Camry көлігін иемденген. Аталған қылмысты ашу мақсатында жедел-іздестіру тобы құрылып, оның құрамына криминалдық полиция және Түрксіб аудандық ПБ-ның қызметкерлері кірді. Күдіктілер дереу анықталды. Олар жасырынуға тырысқан. Алайда күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Қылмыскерлер басқа біреудің көлігін пайдалана алмады. Шетелдік көлік иесіне қайтарылды, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Ұсталғандар – 1993, 1998 және 2000 жылы туған Алматы облысы Талғар ауданының тұрғындары. Қазір олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Шабуыл жасаған адамдардың ұсталғаны туралы хабарлағанда шынымды айтсам, қатты қуандым. Полиция қызметкерлеріне кәсіби қызметі үшін алғыс айтамын, – деді қарақшылардың қолынан жапа шеккен алматылық.
Алматы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: