Түркістан облысында 26 құсты заңсыз атқан браконьерлер ұсталды

Сурет: pixabay
Түркістан облысында полицейлер браконьерлерден заңсыз атылған жабайы құстардың 26 ​​өлексесін тәркіледі. Сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Ақжар көлі маңында заңсыз аң аулаған екі ер адамды анықтап, ұстады.

Олар Ордабасы және Төлеби аудандарының тұрғындары болып шықты.

Тәртіп сақшылары «Охотзоопром» өкілдерімен бірлесіп, браконьерлерден айғақ ретінде екі аңшы мылтығын, үрлемелі қайық, сондай-ақ 18 қаз бен 8 үйрек ұшасын тәркіледі.

Сурет: Түркістан облысы полиция депаратментінің баспасөз қызметі

Күдіктілер Созақ өңіріне аң аулауға келгенін, рұқсат қағазы болмағанын мойындады.

Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты Қылмыстық кодекстің 337-бабы (Заңсыз аң аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Тәртіп сақшылары күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтайды. Түркістан облысы полиция депаратментінің баспасөз қызметі

Түркістан облысының полиция қызметкерлері азаматтарды табиғатты қорғауға шақырып, жабайы жануарлар мен өсімдіктерді, оның ішінде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген жануарларды заңсыз аулау қатаң жауапкершілікке тартылатынын еске салды.

Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды