15 жастағы француз теннисшісі халықаралық турнирде төбелес шығарды

Сурет: pixabay
Франциялық жас теннисші Мишель Куаме Аккра қаласында (Гана) өткен жасөспірімдер арасындағы ITF турнирінде жанжал шығарды. Жеңіліп қалған француз теннисшісі қарсыласын соққының астына алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жасөспірімдер рейтингінде 589-орында тұрған Мишель Куаме бірінші айналымда ганалық Рафаэль Нии Анкрадан 2:6, 7:6, 6:7 есебімен жеңіліп қалды.

Матчтан кейінгі қол алысу кезінде француз 16 жастағы қарсыласын күтпеген жерден салып қалды, деп жазды sport-express.

Осыдан кейін теннисшілер арасында да, олардың трибунадағы өкілдері арасында да төбелес басталып кетті.

Халықаралық теннис федерациясы (ITF) бұзақыға шара қолдануға уәде берді. Бұл жағдайға қарамастан, Мишель Куаме турнирде жұптық сайыста өнер көрсетіп жатыр.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Астана көгінде әскери ұшақтар жаттығу жүргізетін болады

Польшада мемлекеттік төңкеріс бола жаздады