Нұр-Сұлтанда тоқсанға таяп қалған қартқа шабуыл жасалды: күдікті ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қарақшылық шабуыл жасады деген 28 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлеріне 88 жастағы қарт кісі арызданған. Жәбірленушінің сөзінше, белгісіз біреу түнде есік қағып, есікті ашпақ болған қарияны ұрып жығып, қолындағы алтын сақинасын және үйінен тағы бір алтын сақинаны қолды еткен.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, күдікті бұрын да ұрлық жасағаны үшін сотты болған.

Ұсталған азамат Нұр-Сұлтан қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері тұрғындарға, әсіресе қарт адамдарға пәтерде болған кезде сыртқы есікті құлыптауды, бөтен адамдарды пәтерге кіргізбеуді және еренсіз болмауды ескертеді.«Сарыарқа» аудандық полиция басқармасының бастығы Қуаныш Орынбетов
Қазақстан
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды

Тоқаев Жетісу облысының әкіміне Қытаймен шекарадағы Достық пен Қорғастағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды