Алматы облысында жылқы аса қауіпті жол апатына себеп болды

Сурет: Алматы облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі
Алматы облысында «Алматы-Шелек-Қорғас» тас жолында жолға секіріп шыққан жылқы жол апатын тудырды. Жолаушылардың біреуі қаза тауып, үшеуі жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 11 сәуірге қараған түні Еңбекшіқазақ ауданында (Тескенсу ауылы маңында) болған. Toyota Camry жүргізушісі қатты жылдамдықпен жануарды қағып кеткен.

Шетелдік көліктің 29 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар жол апатынан үш адам зардап шекті, оның ішінде кәмелетке толмағандар бар. Олар түрлі жарақатпен Шелек ауылындағы ауруханаға жеткізілді.Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Жазатайым оқиға фактісі бойынша қажет сараптамалар тағайындалып, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша тергеу басталды.

Қазір полицейлер өлген жылқының иесін іздестіріп жатыр. Оған ірі көлемде айыппұл салынады.Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Қолданыстағы әкімшілік заңнамаға сай мал иелері ауыл шаруашылығы жануарын жаю ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді