Алматылық азаматты пышақтап, мәйітін өртеп жіберген «қара» риелторлар ұсталды

Сурет: Zakon.kz
48 жастағы алматылық Алматы облысынан келген үш «қара» риэлтордың қолынан қаза тапты. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полицияның хабарлауынша, 25 наурызда Еңбекшіқазақ ауданындағы Қаракемер ауылының маңында тұрғындар белгісіз ер адамның күйіп кеткен мәйітін тапты.

Сот-медициналық сарапшылардың пікірінше, ер адам пышақ жарақатының салдарынан қан кетіп қайтыс болған.

Көп ұзамай жәбірленушінің жеке басы анықталды. Ол 48 жастағы Алматы тұрғыны болып шықты.

Алматы қаласы мен Алматы облысының полицейлері үш күдіктіні ұстады, олардың бірі – әйел.

Үшеуі де Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары, үлкені 33 жаста, ең кішісі 23 жаста. Олар алматылық азаматты қаладағы пәтерін иемдену үшін өлтіргенін айтты. Қайтыс болған ер адам жалғыз тұрып келген әрі ішімдікке әуес болған. Оны Алматы аумағында өлтірген. Содан мәйітті жалдамалы көлікпен Еңбекшіқазақ ауданына алып шығып, Қаракемір ауылының маңында өртемек болған. Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөлімінің бастығы Жақсылық Алтынбаев

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған