Сотталған ер адам есірткіні түрмеге асқазанына салып өткізбек болған жерінде ұсталды

Сурет: pexels
СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ЕС-164/3 мекемесіне жазасын одан әрі өтеу үшін келген сотталғандарды қабылдау кезінде Н есімді сотталғанның асқазанынан түйіншек анықталды, онда ерекше иісі бар өсімдік тектес зат табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сараптама қорытындысы ол салмағы 2,57 грамм болатын марихуана екенін көрсетті.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, асқазанда тасымалдап, өткізуге тырысқан есірткі затын сотталған ЕС-164/3 орташа қауіпсіздік мекемесінде заңсыз пайдалануға ниеттенген.

Есірткі заттарымен заңсыз айналысқаны үшін сотталған Н-ға қатысты Петропавл қаласының полиция басқармасы ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігі (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменітінің баспасөз қызметі

Бұл баптың санкциялары 160 айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл түріндегі қылмыстық жауаптылықты көздейді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді