Алматыда әлеуметтік желілерді бұғаттауға қарсы митингі өтіп жатыр

Сурет: Zakon.kz
Митингке қатысушылар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді бұғаттауға, сондай-ақ Instagram, Facebook, Telegram және басқа платформалардағы контентті жоюға немесе шектеуге жол бермеуді талап етеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыда әлеуметтік желілерді бұғаттауға және әлеуметтік желілердегі контентті реттеу бойынша түзету енгізулерді қабылдауға қарсы рұқсат етілген митинг өтіп жатыр.

Сурет: Zakon.kz

Митингке қатысушылар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді бұғаттауға, сондай-ақ Instagram, Facebook, Telegram және басқа платформалардағы контентті жоюға немесе шектеуге жол бермеуді талап етеді.

Сурет: Zakon.kz

Митингті ұйымдастырушылар өздерінің заңдағы түзетулерді жою туралы талаптарына билік құлақ асуы міндетті екенін айтты.

Азаматтық қоғам өкілдері бүгін митингке жиналып, өз пікірлерін білдіреді. Бұл арада заңгерлер, құқық қорғаушылар, журналистер билікке біздің талаптарымыз бен тілектерімізді жеткізу мақсатында сөз сөйлейді. Митингті ұйымдастырушы, журналист Шыңғыс Уәлиханов

Сурет: Zakon.kz

Махатма Ганди атындағы саябақта 100-ге жуық адам жиналды. Митингке қатысушылардың қолында ұран сөздер жазылған түрлі плакаттар бар.

Сурет: Zakon.kz

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды

Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді