Рудныйда көршісі үстіне керосин құйып, өртеп жіберген балақай ауруханадан шықты

Сурет: pixabay
Балақай реанимацияда 20 күн, ауруханада 36 күн болды. Оған тері пластикасы бойынша 10-нан астам ота жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үш жасар Степа ауруханадан үйіне оралды. 23 сәуірде алған ауыр ем-домдардан кейін балақай облыстық балалар ауруханасынан босап шықты, деп хабарлайды "Костанайские новости".

Оқыс оқиға 16 наурызда Рудный қаласында орын алды. Зардап шегуші облыстық ауруханаға 17 наурызда жеткізілді. Балақайдың денесінің 50% күйік шалып, өте ауыр жағдайда болды.

Әдетте, мұндай күйдегі балалардың 99% өліп кетеді. Бірақ біз баланы өлімнен арашалап қалу үшін барымызды салып, соңына дейін аянбай күрестік. Алғашқы үш күнде баланың жағдайы өте ауыр болды, бірақ, бақытымызға орай, уақыт өте келе оның жағдайы тұрақтанды, ол дәрігерлердің бақылауымен күйік күйзелісінен аман-есен өтті. Дәрігерлер содан кейінгі күрделі кезең – тері пластикасына кірісті. 10-нан астам ота жасалды. Травматолог-ортопед дәрігер Мирас Елжасов

Ақ халаттылар Степашка деп атап еткен балақай тез тілге келетін, емін-жарқын болып шықты.

Қазір оның жағдайы тұрақты. Емдеуші дәрігер ретінде мен үнемі анасымен байланыста боламын. Қазір оған ерекше қолайлы жағдайлар қажет, жантүршігерлік күюден бөлек бала ауыр психологиялық соққы алған, оның өз-өзіне келуі үшін кем дегенде алты ай қажет болады. Травматолог-ортопед дәрігер Мирас Елжасов

Үш жасар бала реанимацияда 20 күн, ауруханада 36 күн болды.

Баланың жағдайына облыстың барлық тұрғындары алаңдаушылық білдірді, ал полиция департаментінің бастығы қылмысты тергеуді жеке бақылауына алды.

Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты