Туыстары жырақта жүрген 39 жастағы Батыр Оспанов анасының өлімі туралы қаралы хабарды естігенде денсаулығы сыр бергенін айтады, деп хабарлайды otyrar.kz.
Марқұмның денесін Шымкентке жеткізу үшін отбасына 3,5 миллион теңге жинау қажет.
Біз онымен тұрақты байланыста болдық, анасы ауырып жатыр еді, үнемі осы турасында сөйлесіп отырдық. Ол қатты уайымдады. Анасының қайтыс болғаны туралы хабарды естігенде оның жүрегі шыдамады. Ол бұған сенгісі келмеді. Марқұмның жұбайы Замира Оспанова
Марқұмның артында әйелімен бірге 14 жасар ұлы мен 12 жасар қызы қалды. Қиын жағдайға тап болған қаралы отбасы қайырымдылық қорына өтініш білдіріп, Батыр Оспановты дәстүрге сай жерлеуге және құжаттары жағынан көмектесуді сұрады.
Соңғы бес жыл ішінде Оңтүстік Кореяда Қазақстанның 36 азаматы қаза тапты, олардың көбісінің туысы мәйітті бірден алып кете алмай, ақшалай және құжат бойынша мәселелерге тап келген. Қазір Оңтүстік Кореяда жұмыс істейтін 36 мың қазақстандықтың 10 мыңға жуығында ғана жұмыс визасы бар.