Павлодарда сауда агенті 24 миллион теңгені қолды етті

Сурет: Zakon.kz
Павлодарда сауда агенті 24 миллион теңгені ұрлап кеткен. Ер адам дүкендерден өтініштер жинап, тауарларды жеткізіп, бухгалтерияға жиналған ақшаның жартысын ғана өткізіп келген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияға ЖШС директоры тауарды жымқыру фактісі бойынша жүгінген.

Сол компанияның 26 ​​жастағы сатушы агенті 2021 жылғы қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында сеніп тапсырылған темекі өнімдерін ысырап еткені анықталды.

Қызметкер дүкендерден өтініштер жинап, тауарларды жеткізіп, бухгалтерияға жиналған ақшаны толық өткізбей келген. Ақшаның жартысын алып қалып жүрген. Осылайша павлодарлық азамат төрт айда 24 000 000 теңгені иемденген. Айта кетерлігі, жас жігіттің ойынқұмар екені анықталды, ол компанияның барлық ақшасын жұмсап тастаған. Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды