Алматы облысында 9 жасар баланы бұралқы ит талап тастады

Cурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Жазатайым оқиға 22 сәуір күні кешкі сағат 19:00-де Жамбыл ауданына қарасты Ақсеңгір ауылы, Атажұрт көшесі 29 үйде болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тоғыз жастағы Шәріпжан Халифаны қаңғырып жүрген ит қапқан.

Жамбыл ауданы әкімдігінің мәлімдеуінше, дереу жедел жәрдем шақырылды. Баланың жарақатын таңып, ол Алматы қаласындағы №1 балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір Шәріпжан Халифаның қасында анасы Мақпал Алманова бар.

Баланы қапқан ит 23 сәуірде ұсталып, Ұзынағаш ауылының ветеринария станциясына тоғытылды.Жамбыл ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Бақтияр Айталы

Дәрігерлер баланың жағдайы тұрақты екенін айтты. Бала қазір ақылы бөлімде ем алып жатыр. Ақсеңгір ауылының тұрғындары, еріктілері көпбалалы отбасына көмек қолын созып, ұйымшылдық танытып отыр.

Биыл ауыл тұрғындарының өтініші және «қаңғыбас иттер туралы» жазбаша өтініштер бойынша арнайы қызметкерлер иттерді аулау жұмысын жүргізген. Нәтижесінде аудан бойынша 469 ит, оқиға болған Ақсеңгір ауылында 30 қаңғырып жүрген ит ауланды.Жамбыл ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Бақтияр Айталы
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды