Маңғыстау облысында радиоактивті қалдықтарға арналған полигон құрылысы тоқтатылды

Zakon.kz/Максим Золотухин
Маңғыстау облысында прокурорлар радиоактивті қалдықтар полигоны кешенінің заңсыз құрлысының жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыс прокуратурасы хабарлағандай, Қарақия ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы қаулысына сәйкес, "West Dala" ЖШС-ға Қарақия ауданының жер телімі қорынан өнеркәсіптік қалдықтарды қабылдау, уақытша сақтау, көму, қайта өңдеу кешенін салу үшін жер учаскесі бөлінді.

2021 жылы 2 маусымда аудан әкімдігінің қаулысымен жер учаскесінің нысаналы мақсаты "радиоактивті қалдықтармен жұмыстарды жүзеге асыру үшін арнайы кешен салу" болып өзгертілді.

Прокуратурада атап өткендей, қолданыстағы заңнамаға сәйкес мұндай шешімдерді аудан әкімдігі емес, ҚР Үкіметі қабылдайды.

Тиісінше, аудан әкімдігінің қаулысы заңсыз болып табылады және Маңғыстау облысының табиғат қорғау прокуратурасының наразылығы бойынша бұл қаулының күші жойылды.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда күн жылып, ауа температурасы +27°C-қа дейін көтеріледі

37 қылмыстық іс және 104-тен астам нысан: Қазақстан Қорғаныс министрлігін тексеру қашан аяқталады

Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, жел күшейеді

Қазақстан Ұлттық банкі ипотека мен автокредитке қатысты маңызды шешім қабылдады

Атырауда мектепте қызға пышақпен шабуыл жасаған жасөспірім 15 жылға сотталды