ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 29 сәуірде құтқарушылар Алтай ауданында 28 гектар, Көкпекті ауданындағы Тұздыкөл учаскесінде 25 гектар, Үржар ауданында 20 гектар және Тарбағатай ауданында 20 гектар жазық даладағы өртті сөндірді.
Сурет: ШҚО ТЖД
Облыста өрттердің алдын алу үшін құрамына құтқарушылар, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері, полицейлер кіретін мобильді топтар құрылды.
Қазіргі уақытта өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін ҚР "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" Кодексінің 336-бабы бойынша 11 адам 336 930 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сурет: ШҚО ТЖД
Қауіптіліктің төртінші класы Семей, Күршім, Бесқарағай аудандарында және Самар ауылында сақталған.