Павлодарда жаралы аққуға көмек көрсетілді

Сурет: Павлодардағы орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі
Аққу Ақсу ауылдық округі Қызылжар ауылының маңынан табылды. Ол өздігінен ұша алмағандықтан орманшыларға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Аққудың жарасы ескі, кем дегенде он күн өткен. Сүйек мүйізгегі бар, сондықтан қанатын толығымен аша алмайды. Сырттай да жарақат алғанына біраз болғанын аңғаруға болады", - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің басшысы Аджар Жүсіповтің айтуынша, табылған аққу - аталығы, шамамен үш жаста.

Құс Павлодар ауылына оңалту үшін жіберілді. Аққу қайтадан ұша ала ма, жоқ па, ол жағы әлі белгісіз, ветеринарлар да, орманшылар да жағдайды бақылауға алып, құсты баптауды жалғастырады.

Жүсіпов Павлодарда тағы бір аққу бар екенін айтады. Табаны жоқ құс өткен жылы Аққулы ауданының Жаңатаң ауылынан табылған.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы

Ұлттық қордың жинағы қаншаға артады – Үкімет болжамы