Өз анасын өлтірді деп күдікке ілінген оқушы қызға қатысты тың мәлімет жарияланды

Сурет: pixabay
Ақтөбеде өз анасын өлтірді деген күдікпен мектеп оқушысы қамауға алынды. Оған колледж студенті көмектескен деген нұсқа бар. Қазір екеуі де қамауға алынды. Марқұмның көршілері қызы мен анасы күнде ұрысып, айқайласып жататын дейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қанды қылмыс болған пәтерді полицейлер мөрлеп қойған. Мұнда оқушы қыз анасымен тұрыпты. Көршілермен жақын араласпаған. Сондықтан күнде неге жанжалдасатынына мән бермек түгілі, аты-жөнін сұрап таныспаған көрінеді. Күдікті анасын қалай өлтіргенін ешкім ашып айтпайды. Тәртіп сақшылары 19 жастағы студент екеуіне қатысты қылмыстық іс қозғап, қамауға алдық деп отыр. Ал анасын өлтірген қыз 16 жасқа толғанымен кешкі мектептің бесінші сыныбын енді бітіргелі жатыр екен. Бұрын бастауышты оқып сабағын тастап кеткен. Тек былтыр ғана партаға қайта отырыпты. Сабақ үлгерімі нашар болғанымен, тәртібіне тағар мініміз болмады, - дейді мұғалімдері, делінеді КТК телеарнасы сюжетінде.

Қызымыз бесінші сынып оқушысы. Тәртібі жақсы. Ата-анасы дегенде, аз қамтылған, толық емес отбасы. Анасымен бірге тұрды. Оқу үлгерімі шамалы қиындау болды.Педагог-психолог Аида Жүсіпова
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды