Гастроэнтеролог Юрий Шумковтың өлімі: күдіктінің анасы мәлімдеме жасады

Сурет: pexels
Күдіктінің іш құрылысын тексеру үшін зонд тыққанда кеңірдегіндегі шеміршегін сындырып жіберген. Сол жарақаттан нәр тата алмай қалған жігіттің жағдайы күннен-күнге нашарлаған. Бұл туралы күдіктінің анасы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күйзелістің соңы қылмысқа әкелді, деп мәлімдеді ktk арнасының тілшілері.

Ақпанда гастроэнтеролог Юрий Шумковтың қабылдауына жазылғанда Нұржан денелі жігіттердің бірі болған. Алайда зонд өткізу кезінде кеңірдектегі шеміршегі сынып, екі айдың ішінде тоқсан бестен алпыс төрт келі салмаққа бір-ақ түскен.

Анасының айтуынша, тамақ іше алмай, құр сүлдері қалған жігіттен дәрігер қатесін мойындамай, теріс айналуы оны осы әрекетке итермелеген.

Кейін барса, дәрігер тыңдамай, салқын шығарып салыпты. Алатынын алып, қаралатынын қаралып алғаннан кейін, ешқандай диагноз қойып, жаза алмаған соң одан барлық дәрігер қаша бастады. Бақыт, күдіктінің анасы

Ал Нұржанның қағаз жүзінде денсаулығы жақсы болғанымен, денсаулығы күрт нашарлап кеткен.

Зембілмен әкеп жолықтырады. Не тұра алмайды, не жүре алмайды, не тамақ іше алмайды. Дәретін, құсығын жанындағы адамдар төгіп, қарап жатыр. Дәрігерлер қағаз жүзінде қарап жатқанымен, іс жүзінде ешқандай ем қолданып жатқан жоқ. Дәрігерлер дәрігерді өлтірдің дегендей, оған еш қарап жатқан жоқ. Бақыт, күдіктінің анасы

Ол баласы түрмеде қараусыз қалып, өлім құшпаса екен деп тілейді.

Еске салсақ, 4 сәуір күні Алматыда белгілі гастроэнтеролог Юрий Шумковты атып кеткен еді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті