Маңғыстау облысында суға кеткен үш адамның бірінің денесі табылды

Сурет: Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметі
Маңғыстау облысында Каспий теңізіне шомылу кезінде төрт адам суға бата бастаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олардың бірін сол маңдағы адамдар жағаға алып шығып, аман алып қалды, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

16 мамырда сағат 17.32 кезінде құтқару қызметіне куәгерлер хабарласып, Ақтау қаласының 4-ші ықшам ауданында шомылуға рұқсат етілмеген жерде төрт адамның суға түсіп, Каспий теңізіне батып бара жатқанын жеткізді. Оның біреуін сол маңдағы адамдар жағаға шығарып үлгерген. Үш адамды құтқару мүмкін болмады. Құтқарылған 1996 жылы туған Бейнеу ауылының тұрғыны ауруханаға жеткізілді, жағдайы бірқалыпты. 1999 жылы туған бір азамат пен Қарағанды қаласының екі тұрғыны суға кетті. Олардың жеке басы анықталып жатыр. Сағат 19.58 кезінде Қарағандының бір тұрғынының денесі судан шығарылды. Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Оқиға орнында 10 құтқарушы және екі техника, үш дәрігер жұмыс істеп жатыр.

Құтқарушылар суға түсуге арналмаған жерде шомылмаған жөн ескенін еске салады.

Сурет: Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты