Қазақстанға әйгілі брендтердің киімін заңсыз тасымалдағандар ұсталды

Сурет: видеодан скриншот
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі адал бизнесті контрафактілік өнімдерден, контрафактілік және танымал брендтерді заңсыз пайдаланудан қорғау бойынша белсенді жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тауар таңбасын заңсыз пайдалану фактісі бойынша Қаржылық монитринг агенттігінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментінде қылмыстық іс тергеліп жатыр. Қырғызстаннан Қазақстанға бет алған жүк көлігін шекаралық бақылауда тексеру кезінде Puma, Adidas, Philip Pleein, Reebok, Nike, Jordan, New Balance, Fila, Belanciago сияқты әртүрлі маркадағы бір мыңнан астам спорттық киімдер табылды.ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Ведомстводағылар Puma корпорациясының өкілі тауардың жоғарыда аталған брендтерге қатыстылығын анықтауға және келтірілген залалды бағалауға тартылғанын атап өтті.

Сарапшының қорытындысына сәйкес, анықталған тауардан келтірілген шығынның жалпы сомасы 10 миллион теңгеден асады.

Қазақстан
Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Елімізде жаңбыр, қар жауып, -6 градусқа дейін аяз болады

Мәні де, мазмұны да айрықша – Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Тоқаевтың "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" жолдауы: толық мәтін

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі