Алматыда ірі мейрамхана аспаздары есірткі саудасымен айналысқан

Сурет: Алматы Полиция департаменті
Алматы Полиция департаменті Алматыдағы ірі мейрамханалардың аспаздары есірткі саудалағаны туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық есірткі қылмысына қарсы күресушілердің айтуынша, күдіктілердің қылмыстық әрекеті расталып, ресми түрде құжатталды. Мамандар бірқатар жедел ақпаратты бірнеше апта бойы тексерген.

Біз «гашиш» есірткісін жедел сатып алғаннан кейін элиталы мейрамханалардың бірінің аспазы 1973 жылы туған М.есімді азамат жұмыс орнында ұсталды. Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында екі сіріңке қорапшасынан және сығымдалған гашиш салынған дөңгелек бумадан есірткі табылды. Сонымен қатар тағы бір аспаз әйел есірткі сатумен айналысқан. Алматы облысының Қарасай ауданында 1980 жылы туған Д.есімді азаматшаның тұрғылықты жерінен ұнтақ заты бар пакет табылды. Ол сот-химиялық сараптамамен анықталады.Алматы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Сағындық Аяғанов

Екі дерек бойынша да ҚР Қылмыстық кодексінің 297 бабы, 1-бөліміне cай қылмыстық іс қозғалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін