16 мамыр күні сағат 20:30-да Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Кербұлақ ауданы Доланалы ауылы маңында 2018 жылы туған бала жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті.
Баланың ата-анасы түскі уақытта баламен бірге таудағы саңырауқұлақтарға барған. Бір кезде ересектер көліктің жанында ойнап жүрген баланың жоқ екенін байқаған
Ата-ана баласын үш сағаттай өз бетімен іздеген. Кейін Төтенше жағдайлар департаментінен көмек сұраған.
Құтқарушылар, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті тұрғындар дереу іздестіруге кірісті.Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Сағат 23:30-да бала жоғалған жерден үш шақырым жерде табылды.
Баланы дәрігерлер тексерді, содан кейін ол ата-анасына тапсырылды. Қазір баланың денсаулығына қауіп жоқ.Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі