Алматыда Атакенттегі өрт сөндірілді – фоторепортаж

Сурет: Zakon.kz
Өрт Алматының орталық бөлігінде «Атакент» көрме кешенінің маңында болды. Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті өрт ауыздықталғанын хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қабылданған шаралардың арқасында өрт 17:23-те сөндірілді.Алматы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Сурет: Zakon.kz

Оқиға орнына Zakon.kz тілшісі барды.

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Айта кетейік, Алматының орталық бөлігінде Атакенттегі павильон өртеніп жатқаны хабарланған еді. Жоғары дәрежедегі өрт орнына қалалық ТЖД күштері мен құралдары жіберілді.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары Тимирязев көшесі, 42 (Бостандық ауданы) мекенжайына жіберілді. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде №9 павильон ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды.Алматы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

ТЖД қызметкерлері құрбандар мен зардап шеккендер жоқ екенін айтты. Оқиға орнында 17 бірлік техника, 50 адам жұмыс істеген.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз