1986 жылы туған М. есімді күдікті қала орталығында ұсталды. Ол полицияға барынша қарсылық көрсетіп, пышақпен шабуылдады. Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі
Ұсталғанда өтіп бара жатқандардың назарын аудармақ болып айқайлағанымен, онысынан ештеңе шықпады. Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Есен Ысқақовтың мәлімдеуінше, ол бірнеше адамды қылмыстық жауапкершіліктен босатуға уәде беріп, миллиондап ақша алған.
Сурет: Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі
Біздің бөлімшеге бірінші өтініш өткен жылдың қазан айында түскен. Қылмыстық жауапкершіліктен босату мәселесін шешуге көмектесемін деген желеумен ол «клиенттен» 20 мың доллар алған. Азаматтар мамыр айында екінші өтінішпен жүгінді. Бұл жағдайда күдікті қылмыстық құқық бұзушылықтың квалификациясын өзгертуге уәде беріп, 2,5 миллион теңге алған. Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Есен Ысқақов
Ведомство өкілі оған қатысты ҚР ҚК-нің 190 бабы 4 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.
Қазір тәртіп сақшылары ұсталған азаматшаның осыған ұқсас эпизодтарға қатысы барын анықтап жатыр. Сондықтан, полиция қызметкерлері М.есімді азаматшаның әрекетінен зардап шеккендердің барлығын 8-708-707-92-02 және 8-775-774-44-41 телефондары арқылы хабарласуларын сұрайды.
Еске салсақ, 18 мамыр күні Telegram арналарының бірінде екі жігіт қызды көлікке қыстап отырғызып жатқан видео жаряланды. Видеода жігіттердің бірі қызметтік куәлігін көрсетеді.