Түркістанда емдік шөпті заңсыз қазып жүрген Өзбекстан азаматтары ұсталды

Сурет: Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Түркістан облысының тәртіп сақшылары далалы жерлерде өсетін емдік қасиеті өте жоғары «кеурек» (ферула) шөбін қазып, заңсыз жұмыс істеп жүрген 23 Өзбекстан азаматын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, олар далалы алқапқа шатыр тігіп, кеурек қазып жүрген жерлерінен ұсталды.

ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша жауапқа тартылып, ел аумағынан аластатылды. Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі атап өткендей, жұмыс беруші ҚР азаматына ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы «Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту» бойынша хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді