Криптовалютаға инвестиция құймақ болған ақтөбелік үш миллион теңгесінен айырылды

Ақтөбелікті алдап соққан күдікті әлі ұсталған жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлердің мәлімдеуінше, Ақтөбе тұрғыны криптовалютаға инвестиция салу арқылы тиімді табыс табу туралы хабарландыруды көріп, қоңырау шалғанда, әңгімелесуші алдымен жарна төлеу керек екенін айтқан.

Олар өзара Skype арқылы бірнеше рет хабарласқан. Акцияларды қалай сатып алу керектігі жөнінде кеңес берілге. Әрі қарай ол барлық әрекеттерді бейтаныс адамның нұсқауымен орындап отырған.

Белгісіз біреу жәбірленушіні ақша аударуға мәжбүрлеген. Жәбірленуші оған банк картасының суретін жіберіпті. Салдарынан ол үш миллион теңгеден астам ақшасынан айырылып, сан соғып қалды.

Қазір бұл іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.

Қазақстан Ақтөбе
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: