Кең арнаға диаметрі сай келмейтін құбыр жобаланған. Құқұқбұзушылық фактісі анықталған жағдайда ҚР заңнамасына сәйкес кінәлі деп танылғандар жауапкершілікке тартылады.«ҚазАвтоЖол» ҰҚ АҚ баспасөз қызметі
Компания өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл учаскенің құрылысы туралы келісім 2017 жылы жасалған.
Диаметрі 1,5 метр құбырды орнату туралы техникалық шешімді Алматы қаласы «Каздорпроект» ЖШС әзірлеп, оны «ҚазАвтоЖол» филиалы – «Құрылыс дирекциясы», «ГК Инжиниринг» ЖШС техникалық қадағалау қызметі, CITIC Construction мердігер ұйымы бірлесіп қабылдаған. Олар қабылданған жобалық шешімдер үшін тікелей жауапты. «ҚазАвтоЖол» ҰҚ АҚ баспасөз қызметі
Қазір учаскеде қайта қалпына-келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Тәулік бойы қадағалау ұйымдастырылды, учаске әлі де жабық тұр. 16 бірлік арнайы техника мен 20-ға жуық жол жұмысшысы жұмылдырылды.