Түркістан облысында үш жасар бала тас жол маңында адасып кеткен

Сурет: Түркістан облысы Полиция департаменті
Полицейлер Шаян-Жамбыл тас жолының маңында жалғыз өзі жүрген үш жасар балаға назар аударды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кішкентай баланың жалғыз келе жатқанын байқаған полицейлер оған бірден жақындаған. Олар баладан ата-анасы, үйі қайда екенін сұрамақ болды. Бірақ бала жауап бере алмады.Түркістан облысының Полиция департаменті

Табылған баланы полиция бөлімшесіне жеткізіп, тамақтандырды.

Полицейлер баланың ауылдастарымен әңгімелесіп, әлеуметтік желі арқылы оның фотоларын таратқан. Нәтижесінде сәбидің ата-анасы тез табылып, полицейлер баланы оларға тапсырды.

Белгілі болғандай аулада ойнап жүрген бүлдіршін 2 шақырым қашықтықтағы үйден шығып кеткен. Ал анасы баласын жақын жерде ойнап жүр деп ойлап, мазасызданбаған.Түркістан облысының Полиция департаменті
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз