«Маңқасы ағып, әлсіреп қалған». СҚО-да жылқылар белгісіз дертке шалдықты

Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында жылқылар белгісіз дертке шалдыққан. Аурудың белгілері респираторлық вирусқа ұқсайды, дейді мамандар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазір ветеринарлар малдың ахуалын саралап, басы қасында жүр. Тіпті екпе жасауды қолға алған. Жеті жылдан бері мал бағып жүрген Самархан Сәдуақасов мұндай дертті алғаш көріп отырғанын айтады. Екі ауылға тиесілі 400-ге жуық жылқыны бағады. Соның басым бөлігі белгісіз ауруға шалдыққан, делінеді Астана телеарнасының сюжетінде.  

Жөтеліп жүргеніне бір аптадан асты. Маңқасы ағып, әлсіреп жүр. Жылқы ширақ қимылдамайды, бәсеңдеп қалды. Тәбеті көрініп тұр. Оттайды, демалады. Жылқышы Самархан Сәдуақасов

Жылқылардан бұрын-соңды мұндай індет байқалмағанын мамандарда растап отыр. Ветеринарлар малға суық тиген кездегі ем-шараларды қолданумен шектеліп отыр. Қан сынамасын алып, зертханаға жөнелткен.  

Қазіргі кезде біз симптоматиялық ем жүргізіп жатырмыз. Ауырған жылқыларды бөліп, антибиотик, вирусқа қарсы және жалпы организмға резистентті көтеретін екпелерді жасап жатырмыз. СҚО Ветеринария басқармасының басшысы Берік Әлжанов

Қазір жауапты тұлғалар әрбір басты тіркеп, олардың басқа табынға кетіп қалмауын бақылауға алған. Сондай-ақ, жылқылардың сойылып, базарда сатылмауын да қадағалауда.  

Біз баздарда малға екпе жасайтын арнайы қондырғыны орнатып жатырмыз. Бюджеттік қаражатқа сатып алынды. Ал екпені жұрт өздері сатып алып жатыр. Бүгінде 180 екпе бар, қалғаны жақын арада болады. СҚО Есіл ауданы әкімінің орынбасары Александр Кравчук

Сараптама қорытындысы бір-екі аптаның шамасында дайын болады, дейді сала мамандары. Қауіпті індет анықталған жағдайда ауылды карантинге жабу мәселесі қаралуы мүмкін.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: